Атырау облысы Индер ауданы Бөдене орта мектебі бойынша оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераж комиссиясы 2025 жылдың 7 қазан күні мектеп асханасына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Асхана жұмыстарын тексеру барысында мектеп асханасының санитарлық жағдайы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, асханаға келген тағам өнімдерінің сапасы, олардың сақталу мерзімі, азық-түлік сертификаттары, дайындалған тағамның күнделікті ас мәзірімен сәйкестігі тексерілді.


